Қоғамдық кеңес отырысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижесі талқыланды

18

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында талқыланды.

Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен өткен отырыста Кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері және мемлекеттік органдар басшылығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көзделген бірқатар проблемалық мәселелерді қарады.

Автожолдар салуға, қала бюджетін игеруге және сервистік полиция жұмысына байланысты әкімдік пен полицияның бейінді басқармалары басшыларының есептері тыңдалды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу арқылы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.

«Агенттіктің тапсырмасы бойынша Департамент жұмысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы шеңберінде бағытталған. 9 айда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 3 сыртқы талдау және 9 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Бүгінгі таңда орындалған ұсынымдардың үлесі 85% және одан жоғары деңгейді құрайды» – деп атап өтті қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Басқарма орынбасары Ғ.Өсербай.

Спикердің айтуынша, әкімдік пен оның мекемелерінің жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дербес анықтау және жою №4 ҮББ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» тетігі арқылы жүргізілуде.

Аталған жоба аясындағы нәтижелермен қатар жұмыстағы кемшіліктер де атап өтілді.

«Жыл басында 22 бейінді басқарма мен әкімдікте ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша бірде-бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтамаған. Тек №4 ҮББ қызметкерлерінің араласуынан кейін аталған ұйымдарда қайта талдау жүргізіліп, 150-ден астам сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды» – деп атап өтті Ғалымжан Өсербай.

Талдаудың сапасын күшейту мәселелерімен қатар, Департаменттің білім беру, денсаулық сақтау, жер қатынастары салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сондай-ақ полицияның сервистік моделінің жұмысы бойынша ұсыныстары жеткізілді.

Одан бөлек, өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қаржыландыру мәселелері талқыланды.

31 қазан 2022

Әскери қызметкерлерге абақтыдағы өмір таныстырылды

27 қазан 2022

«Адал көмек» жобасы аясында жұмыспен қамту саласында азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды

22 қазан 2022

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

21 қазан 2022

САЯН АХМЕТЖАНОВ: АГЕНТТІК БИЗНЕСТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ

21 қазан 2022

Саян Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысты