Шымкентте квазимемлекеттік сектор басшыларына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, заң талаптарын түсіндіру және комплаенс қызметіндегі өзекті мәселелерді талқылауға арналды.
Шымкентте жыл басынан бері 200-ден астам азамат мемлекеттік қызмет алу кезінде заңсыздықтарға тап болған. Бұл квазимемлекеттік сектор басшыларына арналған кездесуде белгілі болды. Жиында жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және комплаенс қызметіндегі өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
ҚАНАТ ҚАДЫРБЕКОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Біздің департамент мем қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша уәкілетті орган болып табылады. Сол мем қызмет көрсету саласында қалай жұмыс атқару керек, тұтынушыларға қандай қолайлы жағдай жасалу керек, олардың құқықтарын бұзуға жол бермеу бойынша біз түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, методикалық көмек көрсетуге жиналып отырмыз»
Жиынға жергілікті әкімдікке қарасты 140-қа жуық ұйым басшылары қатысты. Оларға кірістер мен мүлік туралы декларацияны қалай тапсыру керектігі түсіндірілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаның іске асу барысы жөнінде ақпарат берілді.
ЕРТАЙ ИБРАГИМ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ БӨЛІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ: «Қала әкімдігінің өкімімен құрылған үлгілі плазалық бағыт , яғни ТБН-4 деп айтамыз. Сол базалық бағыт бойынша аудан әкімдері, басқарма басшылары, квазимемлекеттік секторлар құрылған. Жалпы онда 83 мекеме бар. Сол мекемелерден биылғы жылы 352 тәуекел анықталды. Сол тәуекелдің алдын алу бойынша біздер 116, яғни 36 пайызын жойдық. Сол бағытта тиімді жұмыстар жүргізіліп келеді қазіргі таңда»
Айта кетсек, биыл өңірде жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 17 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен 3 лауазымды адамға тәртіптік жаза қолданылды.
Лаура Бабас





