Құтқарушылар 8 жасар қыздың саусағындағы сақинасын шешіп берді

59

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «112» құтқару қызметіне 22 қарашада сағат 09:50-де сақинаны саусақтан шешуге көмек бойынша хабарлама келіп түсті. Оқиға Игілік шағын ауданы Елімай көшесі бойындағы тұрғын үйде орын алған.

Жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі оқиға орнына жедел жетіп, 13 жасар қыздың саусағындағы шешілмей жатқан сақинаны арнайы слесарлық жабдықтармен шешіп алды.
Жыл басынан бері құтқарушылар сақинаны шешуге көмек көрсету үшін 30 рет шыққан, оның ішінде 15 балаға көмек көрсетілген.