Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жаңа спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Аудан әкімі Мұхит Отаршиев Нұрлы жол елдімекенінде бой көтерген заманауи үлгідегі спорт алаңшаның ашылу салтанатына қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.
Балалар алаңы аудандық бюджет есебінен салынған. Жалпы ауданы 0,30 гектарды құрайтын спорт алаңшасында футбол алаңы бар. Сондай-ақ Workout-пен жабдықталған.
Аумағына жарықшамдар орнатылып, орындықтар қойылған.