Балаларға арналған дамыту орталықтары қызметінің құны өсті

21
????????????????????????????????????

Биыл қараша айының қорытындысы бойынша балаларды дамыту орталықтары қызметінің құны 11,3%-ке өсті. Әсіресе, Жамбыл облысындағы ата-аналардың қалтасы қағылды. Бұл облыста баға бір жылда 39,3%-ке дейін көтерілген.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан 36,4%-ке, ал Түркістан облысында балабақша құны 35,1%-ке көтерілді.
Балабақшасы арзан аймақ – Алматы облысы, мұнда баға не бәрі 1,1%-ке көтерілген.
Energyprom.kz мәліметі бойынша, мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызмет көлемі үштен бірге өсті.
Қызмет көлемі ең көп өңірлер:

Түркістан облысында – 21 миллиард теңге, жылдық өсім 41,9%

Екінші орында Алматы -17,2миллиард теңге, яғни 44,9%

Үшінші орында Жамбыл облысы – 13,4 миллиард теңге, өсім 31,5%.

Биыл қызмет көрсету көлемінің ең көп өсімі елордада (69,5%-ке, 12,9 млрд теңгеге дейін), ең азы – Қарағанды облысында (4,3%-ке, 7,5 млрд теңгеге дейін) тіркелді.
Мектепке дейінгі ұйымдарға негізінен мемлекеттік кәсіпорындар қызмет көрсетеді. Үшінші тоқсандағы көрсеткіш бойынша 90,9 миллиард теңге болды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 29,7%-ке артық.
Жеке кәсіпорындарға 67,2 миллард теңге (жылына 36,3%), шетелдік кәсіпорындарға — 508,5 миллион теңге (54,7%) тиесілі.