Шымкентте 7000-ға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды

59

Шымкентте патрульдік полиция қызметкерлері 2022 жылдың 1-қаңтарынан жаяу жүргіншілердің жол қозғалыс ережелерін бұзған 6930 азаматты анықтап, тиісінше заңға сәйкес әкімшілік хаттама толтырды.

Аталған жаяу жүргіншілер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 615-бабымен Жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзу бойынша жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, заңнамаға сәйкес бұл құқықбұзушылық 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуға әкеп соғады. Тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілер мен көлік тізгіндеген жүргізушілерге жол үстінде өз өмірін қатерге тікпеуге және тиісті ережелер мен сақтық шараларын қатаң ұстануға кеңес береді.