Синоптиктер ескертеді: Алдағы аптада қар жауып, күн суытады

78
Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады, бірақ жылы күндер алыстамайды дейді синоптиктер

Синоптиктер алдағы аптада күн суытатынын айтады. Ескерту хабарламасы азаматтардың үялы телефондарына да жіберілген. Төтеншеліктер де барлық мекеме, ұйым, қала тұрғындарын қауіпсіздік шараларын мұқият сақтауға шақырады.

Қала тұрғыны Жанболат уақыт тауып көлігінің дөңгелегін қыс мерзіміне лайықталған арнайы шинаға алмастыру үшін желімдеу орнына келіпті. Ұялы телефонына келген хабарламада алдағы аптада күн күрт суытатыны ескертіліпті.

«Ия, қар жауады деген соң келіп шинамды алмастырып жатырмын. Ол өзіміздің қаупісіздігіміз үшін»,- дейді  қала тұрғыны Жанболат

Синоптиктердің болжамдары бойынша Оңтүстік өңірінің таулы аудандарында күн суытады, жел күшейеді. Сондықтан да Шымкент қаласының тұрғындары жолға шығар алдын, ауа-райы жайлы хабарламаларды ескерсе екен дейді.

Күн суытқаннан бері тұрғындар жылы киініп, жеке секторда тұратындар үйлеріндегі жылу жүйелерін тексеріп, амалдарын жасауда.

Қараша айы жауынды болды. Жауаптылардың сөзінше қарлы ауа райында жолдарды тазалайтын техникалар мен мамандар өзінің тиісті қызметтерін атқаруға дайын. Ал тұрғындар, күн суытқан мезетте қоғамдық көлік компаниялары да өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, автобустар аязда тоқтап қалмай, үздіксіз қатынайды деген үмітте.