Жолдасов Серик Куралбекович 1969 жылы 10 ақпанда бұрыңғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Алғабас ауданы, Орловка ауылында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. Үйленген, екі қыз екі баланың әкесі, үлгілі отбасы. 1986 жылы Қ. Сәтбаев атындағы орта мектепті үздік бітірген.
1995 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институты «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады. 1995 — 2018 жылдар аралығында Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында хирург дәрігері қызметін атқарған.
2018 жылғы 26 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№2 қалалық аурухана» МКК — да хирургия бөлімшесінің меңгерушісі қызметін абыроймен атқаруда.
Жоғары санатты хирург дәрігері. Денсаулық сақтау саласындағы жалпы жұмыс өтілі — 27 жыл. Білікті дәрігер Ресей Федерациясында, Оңтүстік Корея мемлекетінде біліктілігін арттырған. Күрделі хирургиялық ота түрлерін меңгерген.
Еңбек жолында аурухана бас дәрігері мен облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының құрмет грамоталарымен, Шымкент қаласы маслихаты хатшысының алғыс хатымен, алтын дәрігер медалімен, медицина саласының үздік дәрігері орденімен, еңбегім еліме құрмет белгісімен марапатталған.
Корпоративтік әдепті ұстанады, жауапкершілік және орындаушылықпен ерекшеленеді, бастамашыл. Көшбасшылық қасиеттерге, аурухана жұмысын ұйымдастыру қабілетіне ие. Қоғамдық жұмысқа белсенді қатысады. Белгісіз жағдайларда белгіленген қалыптан тыс басқарушы шешімдерді қабылдай алады, іскерлік ынтымақтыстыққа дайын
Қала халқының денсаулығын жақсартуға, медицина қызметкерлерінің көптеген әлеуметтік мәселелері оң шешімін, жалпы денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан реформаларды табысты іске асыруға үлесін қосуда. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс жүзінде орындалуына еңбегін сіңіруде.