Ұлттық банк инфляция бойынша 2023 жылға арналған болжамды 7,5-9,5%-тен 11-13%-ке дейін көтерді. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, базалық сценарийдегі болжам айтарлықтай қайта қаралды.
«2022 жылдың соңына дейін инфляция 20-21% шегінде қалыптасады. Біз 2023 жылғы 1-тоқсанда жылдық инфляцияның шарықтау шегіне жететінін болжап отыр. Жоғары инфляциялық болжамдар мен дезинфляциялық сыртқы ортада инфляция бойынша болжам 2023 жылдың соңына қарай 11-13%-ке дейін көтерілді. 2024 жылы инфляция 7-9%, 2025 жылы 4-6% шегінде болжанады», — деді Пірматов брифингте.