Қазақстан Республикасының «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап: айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі мен базалық зейнетақы мөлшері өзгерді. Соған сәйкес, зейнетақы мен жәрдемақының мөлшері де артты. Қандай өзгеріс болғанын ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлім басшысы Әнуар Ілеспаев айтып берді.
БИЫЛДАН БАСТАП:
АЕК (айлық есептік көрсеткіш) – 3 450 теңге;
Ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге;
Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 40 567 теңге;
Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері– 24 341 теңге
ЗЕЙНЕТАҚЫ 10,5%-ҒА ӨСТІ
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері біршама өзгерді.
Еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты алып жүрген зейнетақы төлемдерінің негізгі мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5 %-ға артты.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 46 айлық есептік көрсеткіштен 55 айлық есептік көрсеткішке 189 750 теңге дейін арттырылады, яғни орташа айлық табыстың шектелу шегі ( АЕК-тің 3 450 х 55 =189 750 теңгеден) анықталды.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін есепке алынатын ең жоғары табыстың ұлғаюына байланысты, орташа айлық табысы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде 46 еселенген АЕК-пен шектелген болса, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнеткерлердің зейнетақысы артты. Бұл ретте, 55 АЕК шегінде табыс негізінде есептелген жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері, 10,5 %-ға өскен сомадан төмен болмауы тиіс.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап, зейнетақы төлеміне қосымша төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД-нің) жаңа мөлшеріне пайызбен белгіленді.
Осылайша, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне он және одан аз жыл қатысқан не ол болмаған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы (бұған дейінгі 54 пайыздың орнына) мөлшерінде анықталатын болады, он жылдан асқаннан кейінгі әрбір толық жылға 2 пайызға, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызынан асырмай ұлғаяды.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлеміне қатысты бұл өзгеріс 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған және 2023 жылдың 1 қаңтарынан кейін жаңадан тағайындалған зейнеткерлерге де қатысты болады.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері әр бір азаматтың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысушы болған кезеңіне сәйкес 24 341 теңгеден 40 567 теңгеге дейінгі аралықта артты.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің мөлшері ұлғаюына байланысты артты.
Мүгедектік жәрдемақылар :
І топқа 71 787 теңгеден — 77 889 теңгеге;
ІІ топқа 57 206 теңгеден — 62 068 теңгеге;
ІІІ топқа 38 885 теңгеден — 42 190 теңгеге;
7 жасқа дейінгі мүгедек баланың жәрдемақысы 52 345 теңгеден —56 794 теңгеге артады.
7 жастан асқан мүгедек балаға берілетін жәрдемақы:
І топ 71 787 теңгеден — 77 889 теңгеге;
ІІ топ 59 449 теңгеден — 64 502 теңгеге;
ІІІ топ 44 867 теңгеден— 48 681 теңгеге көбейеді.
Мүгедек баланы тәрбиелеушілерге 52 345 теңгеден — 56 794 теңге;
І топтағы мүгедекке күтім жасаушыға 52 345 теңгеден — 56 794 теңге өсті.
АСЫРАУШЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ:
1 балаға 32 155 теңгеден — 34 888 теңге;
2 балаға 55 710 теңгеден — 60 445 теңге;
3 балаға 69 170 теңгеден — 75 049 теңге;
4 балаға 73 283 теңгеден — 79 512 теңге;
5 балаға 75 900 теңгеден — 82 352 теңге;
6 және одан көп балаға 78 891 теңгеден — 85 597 теңге көбейтіліп төленеді.
Тұл жетімдер:
Әр балаға бөлек — 47 870 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді.
АРНАЙЫ ЖӘРДЕМАҚЫЛАР:
№1 тізім бойынша 29 956 теңгеден – 32 499 теңгеге ;
№2 тізім бойынша 26 649 теңгеден – 28 911 теңгеге ұлғайды.
БАЛА КҮТІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖӘРДЕМАҚЫ
Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар.
— 1, 2 және 3-ші бала туылғанға — 131 100 теңге;
— 4-ші және одан кейінгі бала туылғанда 217 350 теңге төленеді.
Бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақы:
— 1 балаға 18 317 теңгеден — 19 872 теңге;
— 2 балаға 21 656 теңгеден — 23 495 теңге;
— 3 балаға 24 963 теңгеден — 27 083 теңге;
— 4 және одан көп балаға 28 302 теңгеден — 30 705 теңге ұлғайды.
ЕСКЕРТУ: жұмыс істейтін аналардың, бала бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақының мөлшері табыстарының мөлшеріне қарай анықталып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан төленеді.
АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР
4 және одан да көп баласы бар, көп балалы отбасылардың бала санына қарай жәрдемақылардың мөлшері:
4 балаға 50 976 теңгеден – 55 304 теңгеге;
5 балаға 63 728 теңгеден – 69 138 теңгеге;
6 балаға 76 479 теңгеден – 82 973 теңгеге;
7 балаға 89 231 теңгеден – 96 807 теңгеге;
8 балаға 101 760 теңгеден – 110 400 теңгеге;
9 балаға 114 480 теңгеден – 124 200 теңгеге;
10 балаға 127 200 теңгеден – 138 000 теңгеге;
11 балаға 139 920 теңгеден – 151 800 теңгеге;
12 балаға 152 640 теңгеден – 165 600 теңгеге;
13 балаға 165 360 теңгеден – 179 400 теңгеге;
14 балаға 178 080 теңгеден – 193 200 теңгеге;
15 балаға 190 800 теңгеден – 207 000 теңгеге өседі.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрындары «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы 20 352 теңгеден 22 080 теңгеге көбейді.
СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР
Кеңес Одағының батырлары мен 3 дәрежелі Даңқ орденінің иегерлері 440 844 теңгеден 478 274 теңгеге;
Социалистік Еңбек Ері 3 дәрежелі Еңбек даңқы орденінің иегерлері 440 844 теңгеден 478 274 теңгеге;
«Қазақстанның ғарышкер ұшқышы»,»Халық қаһарманы», «Енбек ерілері» 440 844 теңгеден — 478 274 теңгеге;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар 50 880 теңгеден — 55 200 теңгеге;
Ұлы Отан соғысының мүгедектері 50 880 теңгеден — 55 200 теңгеге;
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендер 19 685 теңгеден — 21 356 теңгеге;
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілгендер 24 009 теңгеден — 26 048 теңгеге;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер жесіріне 14 247 теңгеден — 15 456 теңгеге;
Қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 14 597 теңгеден — 15 836 теңгеге;
Қайтыс болған соғыс мүгедектері, соларға теңестірілген мүгедектердің әйелі(ері) 8 141 теңгеден — 8 832 теңгеге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы еңбегі үшін… 6 774 теңгеден — 7 349 теңгеге;
Чернобыль АЭС-дағы апат зардаптарын жоюға қатысушылар 19 685 теңгеден — 21 356 теңгеге;
Саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек немесе зейнеткер болып табылатын 3 403 теңгеден — 3 692 теңгеге;
Қ.Р ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдар 3 403 теңгеден — 3 692 теңгеге;
Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде, Ирактағы халықаралық бітімгершілік пен Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге 15 264 теңгеден 16 560 теңгеге өсті.
Базалық зейнетақы төлемінің 01.01.2023 жылдан бастап белгіленген мөлшері
Базалық зейнетақы төлемі, оның ішінде еңбек өтілі бойынша: |
% |
ЕТКД |
МӨЛШЕРІ |
10 жыл және одан төмен |
60% |
40567 |
24341 |
11 |
62% |
* |
25152 |
12 |
64% |
* |
25963 |
13 |
66% |
* |
26775 |
14 |
68% |
* |
27586 |
15 |
70% |
* |
28397 |
16 |
72% |
* |
29209 |
17 |
74% |
* |
30020 |
18 |
76% |
* |
30381 |
19 |
78% |
* |
31643 |
20 |
80% |
* |
32454 |
21 |
82% |
* |
33265 |
22 |
84% |
* |
34077 |
23 |
86% |
* |
34888 |
24 |
88% |
* |
35699 |
25 |
90% |
* |
36511 |
26 |
92% |
* |
37322 |
27 |
94% |
* |
38133 |
28 |
96% |
* |
38945 |
29 |
98% |
* |
39756 |
30 және одан жоғары болғанда |
100% |
* |
40567 |
31 |
100% |
* |
40567 |
32 |
100% |
* |
40567 |
33 |
100% |
40567 |
40567 |
Ońtústik Rabat газеті, №1 (05.01.2023)