«Asyl Auto» орталығы сапалы әрі ыңғайлы автокөліктерді ұсынады

Шымкенттегі «Asyl Auto» дилерлік орталығында көліктерді сату, сатып алу және айырбастау мүмкіндігі бар. Орталықта жаңа көліктермен қатар, қолданылған темір тұлпарларды табуға болады. Ашылғанына 5 ай енді ғана болған дилерлік орталықта көліктер толықтай заңды және техникалық тексерістен өтеді. 

Бақдәулет Орал әкесіне жаңа жылға автокөлік тарту ету үшін «Asyl Auto» дилерлік орталығына келген. Сауатты кеңесшілердің көмегімен қалтаға қонымды, сапалы әрі ыңғайлы көлікті таңдай алдым дейді ол. Бозбала Корея елінен келген көлікті таңдаған. Енді ол жаңа жылда дәл осы дилерлік орталыққа қайта келіп, өзіне сый жасағысы келеді.

Бақдәулет Орал, Шымкент қаласының тұрғыны: «Осы «Asyl Auto» автосалонына Жаңа жылға әкеме сыйлыққа машина іздеп келдік. Құдайға шүкір, машинамызды таптық. Хюндей грандауер автокөлігін алып жатырмыз. Осы Asyl Auto-ның жігіттеріне, көмекшілеріне рақмет! Машинаны түсіндіріп, барлығын айтты, көрсетті. Таңдау жақсы екен, машина жақсы жүреді, барлығын айдатып, көрсетті, рақмет!».

«Asyl Auto» дилерлік орталығы көліктерді сату және сатып алу процесін жеңілдетеді және тездетеді. Мұнда автокөлікті сатуға, сатып алуға және айырбастауға мүмкіндік қарастырылған. Орталықта су жаңа көліктермен қатар, қолданылған темір тұлпарлар да бар.

Динара Абдуакимова, «Asyl Auto» автосалонының қызметкері: «Asyl Auto» автосалонында Корея мен Дубайдан көлікке тапсырыс беруге болады. Және де келесі шарттармен автокөлікті сатып алу мүмкіндіктерімен 7 банктің қызметтерін пайдалана аласыз. Бастапқы жарна – 10 пайыздан бастап, несие мерзімі 12 айдан-7 жылға дейін. Және де кейінге қалдырылған төлем қызметі де бар. Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары сіздерді «Asyl Auto» автосалоны Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Еліміз тыныш, жұртымыз аман, ауызбіршілігіміз берік болып, болашаққа деген сеніміміз нық болсын!».

Дилерлік орталықтағы барлық көлік техникалық және заңды тұрғыдан толық тексерістен өтеді. «Asyl Auto» автосалоны талғампаз қонақтарды аптасына 7 күн таңғы сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Ұ. Арғынбеков көшесі 98/1 мекен жайында күтеді.