Нарықта дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ

26
дәрі-дәрмек

Нарықта дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Бұл туралы Сенат қабырғасында Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Осыған дейін Украинадан тасымалданып келген 10-ға жуық препарат енді басқа елдерден жеткізіледі.

Оған қатысты келісім шарттар өткен жылы рәсімделіп қойған. Биылға қажетті дәрі-дәрмектің 90 пайызы қазірдің өзінде қоймаларға жеткізілген. Министр парацетомолға да тоқтала кетті. Айтуынша, қазір елде аталған дәрінің 500 мыңнан астам қорабы бар. Ал құрамында парацетомолы бар препараттар саны 1,5 млн қораптан асады.