Úı ANONS Медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмек бағасы тұрақталады

Медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмек бағасы тұрақталады

Шымкентте медициналық қызметтер бағасы мен дәрі-дәрмектердің  тұрақталады. Себебі, қала әкімдігі медициналық және фармацевтикалық ұйымдармен баға тұрақтылығын сақтау, инфляцияны төмендету және тұрғындарға сапалы қызмет көрсету бойынша маңызды келісімдер жасады. Екі тарап  арнайы меморандумға қол қойды.

Қала әкімдігі мегаполистегі медициналық және фармацевтикалық ұйымдаармен бірлесе отырып, ақылы медициналық қызметтер, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың құнын төмендетуге және бағаны тұрақтандыру бойынша келісімге келді. Бұл халқы игілігі үшін дейді қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов. Оның айтуынша, мұндай қадам, аталмыш ұйымдардың жұмысын барынша ашық жүргізуге, тиімділігін арттыруға және тұрғындардың сенімін нығайтуға ықпал етеді.

АЙДЫН КӘРІМОВ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БІРІНШІІ ОРЫНБАСАРЫ: «Білесіздер тамақтан кейін, көп қаражат кететін сала ол дәрі-дәрмек, медициналық қызмет алу.  Осы бағыттарда сіздермен бірге осы жұмыстарды ұйымдастырып, алдағы уақытта әділ  баға шығарсақ деген ұсыныспен сіздерді шақырып отырмыз. Алғыс айтамыз. Әкімдік, басқарма тарапынанда қолдау болады. Ұсыныстарыңыз болса, әрдайым ашықпыз».

Медициналық және фарцевтикалық ұйымдардың өзара міндеттемелері баға тұрақтылығын сақтаумен қатар, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бағытталған. Яғни, мекемелер арасындағы әділ бәсекелістікті дамытуға және азаматтардың мүддесін қорғауға мүмкіндік береді дейді кәміпкерлер. Сондықтан, жыл басында көрсетілген бағаны жыл соңына дейін сақтап тұрмақ.

ЖАНСЕРІ СУЕТОВ,«КАМЕЯ PHARM GROUP» ЖШС КЛИНИКАСЫНЫҢ  ДИРЕКТОРЫ: «Мұның барлығы медциналық көмектің халыққа қолжетіімді болуы үшін жасалып жатыр. Мұның барлығы халыққа ауыртпашылық салмау. Медициналық көмек түрілеріне жатпайтын, қызметтерді бірқалыпты сақтау. Сол бағаларды көтермей ұстап отыру».

Қала әкімінің бірінші орынбасарының айтуынша, Шымкент қаласы  инфляциясы ең төмен өңірлердің бірі саналады. Яғни, соңғы мәліметтерге сәйкес,  азық-түлік және ақылы қызметтер бағасының тұрақтылыққа бет алғанын дәлелдеп отыр. Сондықтан, әкімдік өкілдері бұл бағытта тиісті жұмыстарды жалғастырып, баға тәртібінің сақталуы мен ашықтығына ерекше көңіл бөлмек.

Айта кетейік, меморандумға «№14 емдеу орталығы» ЖШС, «Ай-Нұры» медициналық орталығы» ЖШС, «КАМЕЯ Pharm Group» ЖШС, «Otau Med» ЖШС, «Атамекен медициналық орталығы» ЖШС, «ЗЕРДЕ-ФАРМА» ЖШС, сондай-ақ, «МУРАТ-ФАРМ» ЖШС және «ЗЕРДЕ» ғылыми-өндірістік бірлестігі» ЖШС секілді қаланың негізгі медициналық және фармацевтикалық ұйымдары қосылды.

Еске сала кетсек, өткен аптада әкімдік 100-ден астам кәсіпкермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру туралы меморандум жасаған  болатын.

Нұргүл Жолымбетова