«Қазақстан халқына» қоры сирек кездесетін 3 науқасқа дәрі сатып алды

32

«Қазақстан халқына» қоры Девик ауруына шалдыққа 3 науқасқа дәрі сатып алды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі. Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасына сирек кездесетін «Оптиконевромиелит» (Девик ауруы) ауруына шалдыққан 3 емделушіге «Ритуксимаб» дәрісі жеткізілді. Науқастарға 1,8 млн теңге сомасына дәрінің 7 құтысы сатып алынды.

«Дәрі-дәрмектер қалалық басқарманың өтінімі бойынша бюджетте қаражаттың жетіспеушілігі себебіне байланысты сатып алынды. «Ритуксимабты» сатып алу туралы өтінімді Орфандық аурулар жөніндегі сараптама комитеті қарап, қор басқармасында бекітілді.Содан кейін жеткізушіні іздеу жұмыстары басталды», деп хабарлады қор.
Қор жергілікті дәрі-дәрмек өндірушісі Қарағанды фармацевтикалық кешенімен шарт жасады.
Басқарманың мәліметінше, науқастар тексеруден өткен соң дәрі-дәрмекпен емделе бастайды.
Девик ауруы – көру нервтерінің зақымдануынан және жұлынның бұзылуынан пайда болатын патология.