Шетелдік көліктер кез-келген орталықтан техникалық байқаудан өте алады

57
фото КазТАГ

 Бейсенбіден бастап шетелдік көліктер кез келген орталықтан техникалық байқаудан өте алады, деп хабарлайды  индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпарат жүйесінің операторы шетелдік автокөлікті техникалық тексеруден өткізуге мүмкіндік жасап отыр.

«27 қаңтардан бастап шетелдік нөмірлі автокөлік иелері немесе жүргізушілері 1815 техникалық тексеру орталығының кез келгенінен міндетті техникалық байқаудан өте алады», — делінген ресми хабарламада.