Шымкентте сайлауға қатысуға 14 азамат өздерін ұсынған

157

Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаевтың  мәліметі бойынша: «Комиссияға ағымдағы жылдың 19 наурызында өтетін сайлауға қатысуға 14 азаматтан  өтініш түсті. Оның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісіне 4 кандидат және қалалық мәслихатқа 10 кандидат. Олардың барлығы өздерін ұсынғандар, партиядан тізімдер әлі түспеген».

ҚР Парламенті Мәжілісіне 98 депутат сайланады. 69 депутат – партиялық тізімдер бойынша, 29 депутат-бір мандатты аумақтық округтер бойынша.

Шымкент қалалық мәслихатына 32 депутат сайланады. Республикалық маңызы бар қаланың мәслихаты, 50 пайызы  партиялық тізімдер негізінде,  қалған 50 пайызы  бір мандатты аумақтық округтер бойынша құрылады.

Кандидаттар туралы ақпарат ресми түрде  газет және сайтта жарияланады, – деді төраға.