Жас кәсіпкерлер 5 млн теңгеге дейін несие ала алады

31

Енді еліміздегі жас кәсіпкерлер 5 млн теңгеге дейін несие ала алады. Жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында 2,5 пайызға шағын несие берілмек. Бұл жоба жайлы Мемлекет басшысы жолдауда айтқан болатын.

Несиені 35 жасқа дейінгі азаматтар алуға құқылы. Үміткердің жасы құжаттарды тапсыру кезінде ескеріледі. Сонымен қатар несие алушы жеке кәсіпкер болса, тіркелген мерзімі 5 жылдан аспауы керек.

Жеңілдетілген несиені 5,8 мың жас кәсіпкерге беру жоспарланып отыр. Жастарға арналған жаңа жоба «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы беріледі.