«Биіктің» алдында көлік толығымен өртеніп кетті

41

Қонаев-Рысқұлов қиылысында көшелерінің қиылысындағы «Биік» тұрғын үй кешенінің алдында  Opel жеңіл көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ОТЫРАР.

Оқиға 6 ақпан күні түс ауа болған. Бейнежазбаны Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бөлісті. Кадрлардан көліктің салоны толығымен жанып кеткені көрінеді. Қара түтін көкке көтерілді. Өрт сөндірушілер дер кезінде келіп, өрттің одан әрі таралуын тоқтатты. Жанып жатқан көліктің жанында бірнеше бизнес нысаны болған. Зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылар көлікте өрт орын алса, дереу 101 телефонына хабарлауды, оны өз бетіңізше сөндіруге тырыспауды, уақытты босқа өткізбеуді ескертеді.

Автокөліктерде жанғыш заттардың көп болуына байланысты, өрт болған жағдайда найзағай жылдамдығымен таралатын күшті жалын пайда болады.