Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері әкімшілік аумақта рейдтік іс-шара жүргізу уақытында қалтасында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтаған 23 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады.
Тексеру барысында аталған азаматтың қалтасынан есірткі заттары салынған жалпы 12 дана полиэтиленді орамалар тәркіленіп алынды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат есірткінің синтетикалық түріне жататыны нақтыланып, жалпы салмағы 20 грамды құраған. Тәркіленген есірткі заты аса ірі мөлшердегі болып саналады.
Бүгінде аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Полиция қызметкерлері есірткімен байланысты кез-келген әрекет заңмен қудаланатынын және қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін ескертеді.