Úı ANONS Оңтүстік шағынауданында тұрғындар сапалы интернетпен қамтылады

Оңтүстік шағынауданында тұрғындар сапалы интернетпен қамтылады

Оңтүстік шағынауданында 30 мыңға жуық тұрғын интернетке қол жеткізеді. Қала басшысының тапсырмасына сәйкес шалғайдағы елді мекендерді сапалы интернетпен қамту жұмысы жүріп жатыр.

Аталған аймақты жеке инвестор өз есебінен жоғары жиілікті байланыспен қамтамасыз етуде. Қазірге дейін «СпецавтоматикаСервис» ЖШС тарапынан 40 шақырым көшеге абоненттік кабель желісі жүргізілді. Сонымен қатар қажетті жабдықтар мен антенналар да орнатылып үлгерді.

Жоба толық аяқталса, 6 300-ге жуық үй оптикалық желіге қосылуға мүмкіндік алады.