«Бозарық» саяжай аумағына сапалы интернет жетті

48

«Бозарық» саяжай аумағына сапалы интернет жетті. Қазір инвестор тарапынан орталық және ішкі орамдағы 74 көшеге оптика желісі толық жүргізілді. Қазір Қаратау ауданындағы 5 мыңға жуық абонент сапалы интернетке қосылады. Бұл жұмысты орындауға 800 млн теңге бөлінген. Былтыр жаздан бастап осы жылдың соңына дейін Шымкенттің солтүстікте орналасқан шағын аудандарын интернет желісіне қосу шарасы атқарылып келеді.

Нұрсәбит Сапарбеков,  SAS telecom компаниясының Шымкент қаласы бойынша филиал бастығы: «Қазіргі таңда Бозарық саяжайында далалық шкаф қойылған, Хуавей компаниясының 4096 абонентке арналған. Қазіргі таңда саяжайды толық 2000 абонентке толық кабелін тартып, абоненттерді қосуға дайынбыз. Қазіргі таңда 500-ге жуық абонент қосылды. Бірақ қосылу жұмыстарын біз жүргізіп жатырмыз. Егер де тұрғындар бізге өтініш береді, біз өзіміздің номерлерімізді көрсетеміз,соған операторлар жұмыс жасайды».

Мамандардың айтуынша, қазір саяжай аумағындағы 2000 үйді интернет желісіне қосуға мүмкіндік бар. Жергілікті тұрғындар ғаламторға жауапты мамандарға өтінім беру арқылы қосыла алады. Ал бұл мекеме тұтынушыларға 3 түрлі тариф ұсынады. Ең төменгі жылдамдықтағы 100 мегабит – бағасы 6 мың теңге, 300 мегабит 8 мың теңге болса, 500 мегабит 10 мың теңгені құрайды.

Жексенбай Намазбеков, Бозарық саяжайының тұрғыны: «Біздің елдімекенде біраз уақыттан бері интернет жүйесі жүріп жатыр. Қазір міне қосылған үйлер көбеюде. Мынау қосылған соң интернет жүйесі жақсы. Мұндағы үйдегі екі модем қосылған екен. Қуаныштымыз. Қалған Бозарық тұрғындарына сұранатынымыз, ары қарай жалғастырып, интернет жүйесіне өтуді сұранамыз».

Саяжайдағы 2120-ға жуық жеке үйде 8500-дей тұрғын бар. Бүгінге дейін өтініш қалдырған 300-ге жуық үйге интернет желісі қосылған. Ал тұрғындардан қосымша өтініш қабылдау жалғасады.

Мұхит Кемелов, Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы: «Келесі кезекте жыл соңына дейін Бозарық елдімекеніне қарай магистральдік линия көшкен, ол жерде де 2 мыңнан астам тұрғынға мүмкіндік жасалынады жыл соңына дейін. Тұрғындардың үйлерінің алдынан интернет өтеді, ал әрі қарай адамның өзінің құзырында қосылғысы келсе өтінім береді, өтінім негізінде, соларды қоса береді. Былайша айтқанша қосылуға техникалық мүмкіндік жасалады».

Айта кетейік, оптикалық интернет 2015 жылдан бастап пайдаланылып келеді.