Шымкент: 276 орам сапалы интернетпен қамтылады

58

Әл-Фараби ауданына қарасты «Сәуле» шағынауданы 276 орамды сапалы интернетпен қамту мақсатында оптика желісі жүргізілуде. Сала жауаптылары жаз мезгіліне дейін тұрғындар сапалы интернетпен қамтылады дейді.

Сонымен қатар, табиғи газ жүргізу үшін бюджеттен қаржы қаралып, сәуір айында жұмыс басталады деген жоспар бар. Жыл соңына дейін тұрығндар толық табиғи газбен қамтылады.

Сондай-ақ, биыл 276 орамда 14 көшеге тас төсеу жоспарлануда. Ал 2023 жылы 7 көшеге асфальт төсеуге ұсыныс беріледі.

                                                                                            Мөлдір Ибадуллаева