Шымкентте 3 елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

80

Шымкентте шалғай елдімекендерді интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Тоғыс, Елтай және Маятас тұрғыналаптарында 2 базалық станция орнатылып, іске қосылды.

Нәтижесінде 14 мыңға жуық тұрғын сапалы интернетке қол жеткізді. Цифрландыру басқарманың жоспары бойынша 2023 жылы жоғарыда аталған елдімекендерде талшықты оптика желісі де жүргізіледі.

Гүлдана Дәурен