Beeline байланыс сапасын жаңа деңгейге көтеруде. Түркістан мен Шымкенттегі бұрыннан бар желілер жаңадан салынған мөлтек аудандарды қамти отырып, ауқымын кеңейтуде. Бұл — тұрғындардың жылдам интернетті еш кедергісіз пайдалануына мүмкіндік бермек. Орталық қана емес, қала маңындағы елді мекендер де назардан тыс қалмайды. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылды?
Қала іргесіндегі ауылдар үшін жүйрік интернет қолжетімді бола бастады. Қазірдің өзінде кейбір тұрғын үй алаптарының халқы бұл қызметке қосылуға өтініш бере алады. Негізі, «оптикалық интернет» — бұл сапа мен сенімнің кепілі. Байланыс үзілмейтіндіктен, бір үйдің ішінде бүкіл отбасы мүшелері интернетті емін-еркін пайдалана алады
ЕРЖАН ҚОШМАҒАНБЕТОВ, БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Біздің мақсатымыз — интернеттің еш кедергісіз жұмыс істеуі. Қазір үйде бәрі бір уақытта қосылады: бірі жұмыс істейді, бірі сабақ оқиды. Ондай кезде интернетке үлкен салмақ түседі. Әрине, телефондағы мобильді интернет жолда жүргенде ыңғайлы, бірақ оның жылдамдығы ауа райына немесе желінің жүктемесіне байланысты өзгеріп отырады. Ал оптикалық желіде мұндай мәселе болмайды, ол әрдайым тұрақты»
Бүгінде Шымкентте оптикалық желімен қамту көрсеткіші 45%-дан асса, Түркістанда 75%-ға жетті. Жыл соңына дейін бұл меже 100%-ға жетеді деп жоспарланып отыр. Тұрғындар қазірдің өзінде үй интернетінің игілігін көруде. Солардың бірі — Лариса Машукова. Ол заманауи әлемде интернетсіз қалу мүмкін емес деп санайды, сондықтан оның отбасы Beeline-ға қосылуды жөн көрген
ЛАРИСА МАШУКОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Шынымды айтсам, қазір интернетсіз өмірді мүлдем елестете алмаймын. Жасым біразға келсе де, маған да өте қызық. Ал балалар болса, тіпті желіден шықпайды десем болады. Жалпы, интернет деген өте қызықты дүние, онсыз қазір қиын».
Beeline компаниясы облыс тұрғындары үшін оптикалық желіні кеңейтуді және жылдам интернетке қосуды жалғастырады. Пайдаланушылар қазірдің өзінде тиімді пакеттерге қосыла алады – мұнда үй интернеті, мобильді байланыс және ТВ бір бағамен ұсынылған. Ал желіге қосылған кезде оператор смартфонды сыйға тартады






