Қадағалаусыз жүрген 19 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды

31

Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері қала аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Осы ретте, тәртіп сақшылары түнгі уақытта кәмелетке толмағандарға қатысты немесе олар тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында арнайы бағытқа бөлініп, жастар көп шоғырланған орындарында және түнгі уақытта ойын-сауық орындарында рейд жүргізуде.

Шара барысында Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен кәмелетке толмағандар тәрбиесіне қатысты 158 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Атап айтқанда: ҚР ӘҚБтК 132-бабы (Кәмелетке толмағандардың түңгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру) бойынша – 11, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы) бойынша түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 18 жайт бойынша хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) – 118, ҚР ӘҚБтК 440-бабының 2-бөлігі бойынша (он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктер ішуі) -1 әкімшілік хаттама толтырылып, бұдан өзге, ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша ұсақ бұзақылықтың – 1, ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабының 1-бөлігі бойынша (темекі өнімін сату) – 1 жайты анықталды.
Қадағалаусыз жүрген 19 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды. Құқық бұзушылыққа бейім 17 бала, 16 қолайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне қойылды.
Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ата-аналардан жасөспірімдерді түнгі уақытта назардан тыс қалдырмауларын сұранады.