Úı Jańalyqtar Шайбалы хоккейден әлем біріншілігінде қазақстандық жасөспірім қыздар жеңіске жетті

Шайбалы хоккейден әлем біріншілігінде қазақстандық жасөспірім қыздар жеңіске жетті

хоккейшілер биыл алғаш рет чемпионатта облыс намысын қорғауға тырысты

Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде қазақстандық жасөспірім қыздар бесінші мәрте жеңіске жетті. Осылайша құрама 15 ұпаймен В тобының үздігі атанды.

Олар Болгария, Жаңа Зеландия, Бельгия, Эстония командаларын тізе бүктірген. Шешуші кездесуде жауапсыз жеті шайба соғып, Исландия құрамасын қапы қалдырды. Осылайша қазақстандық хоккейшілер енді екінші дивизионның А тобында сынға түсуге мүмкіндік алды.