Шымкентте 1 айдың ішінде 15 мыңға жуық құқықбұзушылық тіргелген. Оның басым бөлігі жол көлік оқиғаларына тиесілі.
Атап айтқанда көлік тізгінінде ұялы телефон пайдаланған 1078 жайт анықталды. Ал 2849 азамат қауіпсіздік белдігін тақпаса, көлік құралын мас халде басқарған – 85, терезесін күңгірттеп алған – 2667, қарсы бағытқа шығып кеткен 26 тұрғынға хаттама толтырылды.
Патрульдік полиция полкі қызметкерлері жүргізушілерге жол көлік оқиғасын тудырмас үшін, ережелерді қатаң сақтауға шақырады.