Шымкентте 3 млн. 805 мың түп ағаш бар

24

Биыл Шымкентте 120 000 ағаш көшеттерін егу жоспарланған. Қазіргі уақытта көшеттерді отырғызу жерлерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал өткен жылы 301 193 түп ағаш көшеті отырғызылған еді. Оның 40 497-сі көктем айларында отырғызылса, 160 696 ағаш көшеттері күзгі маусымда егілген. Жалпы бүгінде мегаполис аумағында шамамен 3 805 000 түп ағаш бар.

Оның ішінде 1 525 000 түп ағаш қала ішіндегі көшелердің бойында, шағын аудандар, саябақтар мен гүлзарларда өсіп тұр. Ал, орман қоры және жасыл аймаққа белгіленген жерлерде 2 280 000 түп ағаш бар екен.