Түркістан мен Оңтүстік Африка арасында туризм дамиды

127

Түркістанға Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы елшілігінің саяси кеңесшісі Пис Кеннеди жұмыс сапарымен келді. Ол туризм салалары бойынша Африканың жетістіктері мол екеніне тоқталды.

Осы бағытта іскерлік байланыс орнату тиімді болатынын, туризм бағытында әріптестік орнатуға ниетті екенін атап өтті. Сондай-ақ қазақстандықтарды саяхаттауға шақырған
Оңтүстік Африка өкілі Түркістандағы еркін экономикалық аймақ туралы өз елінің кәсіпкерлеріне ақпарат беретінін жеткізді.

Әрі Пис Кеннеди Түркістандағы бір көшеге Нельсон Манделаның, ал Африкадағы бір көшеге Әбу Насыр Әл-Фарабидің атын беру жөнінде ұсыныс айтты.