Әлеуметтік қызметкердің атын жамылып, ақша сұраған

46

Әлеуметтік сала мамандарының атын жамылып ақша жасайтындар көбейген. Бұл жайында ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы мәлім етті.

Өзін сала қызметкерімін деп таныстырған қарапайым азаматтар арнайы әлеуметтік статус алып берем деп ақша алған. Алайда үміті ақталмаған тұрғындар барлығын мекеме жұмысшыларынан көріпті. Ал мұндай қызмет түрлері қазіргі таңда цифрлы жүйеге көшкен. Оның басты себебі мемлекеттік қызметкерлер арасында жемқорлықтың алдын алу

Бахтияр Өнербаев, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы: «Қазір адамдар сырттай куәландырылады. Біздегі адамдарды өзіміздің мамандар тексермейді. Департаментке де келіп түспейді. Олардың құжаттары электронды базаға кетеді. Басқа аймақтардағы мамандар тексереді. Біздің сыртта ақша жасайтын небір алаяқтар бар. «Ақшаңды бер мен құжаттарыңды жасатып берем» дейтін. Қазір ондай дүние жүрмейді».