Отбасының цифрлық картасы арқылы жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу

64

Отбасының цифрлық картасын енгізудің арқасында 2 айда 43 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді оңай алу үшін SMS-хабарлама жіберілді, деп хабарлады Еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ал 5 мыңнан астам адам өтінішсіз жәрдемақы немесе төлем алды. Отбасының цифрлық картасы арқылы қазақстандықтар еш жерге өтініш жазбай-ақ жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрін ресімдей алады.

Сондай-ақ цифрлық карта арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы автоматты хабарлама іске асырылды.Еске сала кетейік, қазақстандықтар отбасының цифрлық картасы арқылы жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда, бала күтіміне, жұмысынан айырылған жағдайда және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемді рәсімдей алады.