Úı ANONS Әскерде есейгендер: Шымкентте 200 сарбаз отбасына оралды

Әскерде есейгендер: Шымкентте 200 сарбаз отбасына оралды

Шымкентте 200 сарбаз мерзімді әскери қызметін аяқтады.  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өтеген сарбаздарды запасқа шығару рәсімі салтанатты түрде өтті.  Мерекелік шараға бөлім басшылығы, Қарулы күштер ардагерлері мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. 

Әскерден қайтқан сарбаздар. Сап түзеп, отан алдындағы борышын абыроймен атқарған азаматтар отбасына оралады. Оларды, қаруластарымен әскери қызметкерлер салтанатты түрде шығарып, салды. Қала берді, басшылар сарбаздарға сәттілік тілеп, мерзімді қызметі үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, әскери қызмет  жас сарбаздардың тәртібі мен жауапкершілігін қалыптастыратын маңызды кезең екенін атап өтті.

 

Рәсім барысында запасқа шығару туралы бұйрық оқылып, қызметте үздік нәтиже көрсеткен сарбаздар марапатталды. Сондай-ақ, әскери қызметшілердің жауынгерлік, дене және арнайы даярлық бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткені тілге тиек болды. Атап айтқанда, шабуылдаушы батальонда 12 сарбаз үздік деп танылды, оның 6-ы спорт шебері нормативін орындаған. Ал, 16-сы спорт шеберіне үміткер болды. Бұдан бөлек, мотоатқышдар батальонының да сарбаздары үздіктер қатарынан көрінді.

Айта кету керек, мерзімді әскери қызмет  жастар үшін тек міндет қана емес, азаматтық ұстанымды қалыптастырып, көшбасшылық қасиеттерді дамытатын маңызды өмір мектебі дейді жиынға қатысушылар.

Нұргүл Жолымбетова