Қаратау ауданы 100% ауыз сумен қамтылады

93
фото Егемен

Қаратау ауданында 18 елді мекен, 200 мыңға тарта тұрғын бар. Аудан халқын су, жарық және газбен қамту мәселесі кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Жоспар бойынша биыл аймақтың барлық елді мекені 100 пайыз ауыз сумен қамтылады. Бұл туралы Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов мәлім етті. Былтыр Қайнарбұлақ, Сайрам тұрғын алабы және Асар-2 шағынауданында ауыз су жүйесінің құрылысы басталды.

Ал жыл соңына дейін Сайрам және Қызылсу елді мекенінде құрылыс жұмысы аяқталады.