Úı ANONS 11 млн. теңге алимент берешегі бар борышкердің жүргізуші куәлігіне шектеу қоймақ болған

11 млн. теңге алимент берешегі бар борышкердің жүргізуші куәлігіне шектеу қоймақ болған

фото: kursiv.media
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы борышкердің жүргізуші куәлігін қолданылуын тоқтату туралы бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойды.
 
Жеке сот орындаушысы борышкер Б.-нің алимент бойынша 11 млн. 900 мың теңге берешегін өтегенше, оның жүргізуші куәлігін тоқтату туралы ұсыныспен сотқа жүгінген. Бірінші сатыдағы сот бұл ұсынысты қанағаттандырған.
Алайда сот алқасы борышкердің жедел медициналық жәрдем станциясында жүргізуші болып жұмыс істейтінін, 2024 жылдың шілдесінен бастап тұрақты түрде, ай сайын алимент төлемдерін төлеп келе жатқанын, оның жүргізуші куәлігін уақытша тоқтатқан жағдайда, ол табыс табыс көзінен айырылып, сот шешімін орындау мүмкіндігінен шектелетіні ескерілді.
Сот тараптарды тыңдап, шағымның уәждері мен атқару өндірісін зерттей келе, борышкердің шағымын қанағаттандыру, ал ЖСО-ның ұсынысын қанағаттандырусыз қалдыру туралы ұйғарым қабылдады. Ұйғарым 21 қазан 2025 жылы заңды күшіне енді.