Шымкентте 40 АЕК қаржы алған кәсіпкерлер жәрмеңкеге қатысты

36

Шымкентте мемлекеттен грант алған кәсіпкерлердің қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылды. Шарада бизнесін бастау үшін мемлекет тарапынан 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы алған бизнес өкілдері өз өнімдерін халыққа ұсынды.

Сондай-ақ, көрме қатысушыларына «Халықты жұмыспен қамту» орталығының мамандары тегін кәсіби оқу, тұрақты жұмысқа орналасу және субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама алу бойынша ақпарат берді.

Алғашында тігін машинасын алу үшін мемлекеттен қайтарымсыз грант алған Меруерт Тоқа бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Қазақи нақыштағы киімдер тігетін ателье ашқан ол бірнеше қыз-келіншекті жұмыспен де қамтыған. Алдағы уақытта ұлттық нақыштағы киім үлгілерін трендке айналдыруды көздейді. Ал бизнесінің дамуына септігін тигізген мемлекеттік бағдарлама өзге кәсіпкерлерге де көмек болады деген сенімде.

Меруерт Тоқа, жеке кәсіпкер: «Дамытып жатырмын. Негізі сол қазақы нақыштағы киімдердіә қазіргі заманға сай етіп барлығын өзіміз қолымыздан жасаймыз. Бәрін өз идеямызбен жаңа дизайнда шығаруға тырысамыз. Мысалы мынаны бұрынғы әжелеріміз киген. Барлығы күміс. Қазір жас келіндер киеді. Бағасы 90 мың теңге».

Жас спортшы Ғабит Махат та мемлекеттен 1 млн 200 мың теңге жуық ақша алып, өзінің шағын кәсібін бастаған. Яғни, ол спортшыларға арналған құрал-жабдық өндірумен айналысады.

Ғабит Махат, жеке кәсіпкер: «Осындай тренажорларды шығарамыз. Мынау турник. Мынада пресс көтеруге болады. Енді әр жұмыстың өзіндік қиындығы болады. Бірақ бәрін жеңуге тырысып жатырмыз».

Жалпы үшінші мегаполисте ұйымдастырылған жәрмеңкеге мемлекет тарапынан көмек алып, кәсіп бастаған 100-ге жуық азамат қатысты. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова бұл шара жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ұйымдастырылғанын айтады. Әрі өткен жылы мемлекеттік грантты әлеуметтік осал топтағы азаматтар көбірек алғанын ескерсек, бұл да өзгелерге мотивация болары сөзсіз дейді.

Балмаржан Нарбекова, Шымкент қаласы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы: «Бүгінгі күнде осы азаматтарға басқа әлеуметтік осал топ мүшелеріне үлгі ретінде, ешкімге масыл болмай, негізі бізде грантты көпбалалы аналар көп алды солар балаларын еңбекқорлыққа тәрбиелеуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Бұл жәрмеңке не береді, біріншіден тек қана кіші кәсіп болмайды, үлкен кәсіп иелері де өздерінің кәсібіне қосымша үшін өтінім бере алады. Одан бөлек мемлекеттік мекемелер тамақ өнімдері, төсек өнімдерін тапысрыс беруге мүмкіндік береді».

Айта кетейік, өткен жылы қалада 1 195 адам жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз грант алған еді. Ал биыл 447 адамға 400 АЕК дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант беру жоспарланып отыр.