Шымкенттік кәсіпкерлер 260 миллион теңгеге қалтасынан негізсіз қағылған. Бұл туралы кәсіпкерлік палатасында өткен жиында мәлім болды. Олқылықтарға байланысты, арнайы тексеру жүргізген прокурорлар бюджетке заңсыз өндірілген төлемақыны қайтарған. Нәтижесінде, 2500 — нан астам жеке тұлғалардың құқықтары қорғалды. Ал, заңдықсыздыққа жол бергендер жауапқа тартылды.
Шымкенттік кәсіпкерлер негізсіз шығынға батқанына наразы. Осыған орай, кәсіпкерлік палатасында бизнес өкілдері, прокурорлардың қатысуымен жиын өтті. Құқық қорғау органдары тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп, сыртқы жарнама үшін негізсіз төлем алынғанын дәлелдеп берді. Соның нәтижесінде, екі жарым мыңға жуық кәсіп иесіне заңсыз есептелген 260 миллион теңге кері қайтарылды. Алайда, бұл сома кейбір кәсіпкерлердің қалтасына түспеген.
БАТЫР ЕРГЕШОВ, Ш.Қ ПРОКРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Біз қайтарған ақша сол кәсіпкердің салық органдарындағы бет есебінде тұр. Оны кәсіпкерлер банк шоттарына қайтара алады. Немесе оның шотындағы басқа салық үшін аудара алады».
Алайда, бет есебіндегі қаражатты қолма-қол алу үшін кәсіпкерлер салық органына арнайы арыз жазуы тиіс. Бұл процедураның талабы дейді жауаптылар. Кезекті мәселенің бірі, әлеуметтік тауар өндірушілерге жасалған жеңілдік жайлы болды. Мамандардың айтуынша, жеңілдік тетігі 2017 жылы бекітілген. Алайда, содан бері бұл норма іс жүзінде қолданылмаған.
БАТЫР ЕРГЕШОВ6 Ш.Қ ПРОКРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Негізі 2017ж қабылданған. Бірақ іске асыру барысында біз осы бұзушылықты көріп. Қазір қолданып жатырмыз. (Яғни заң бұзушылықты анықтадыңыздар иә?) анықтап, талдап, прокурор қадағалау актісін енгізіп, Бұзушылықты жойып, кәсіпкерлерге айтып жатырмыз».
Қадағалау органының араласуынан кейін жарық құны қайта есептелді. Енді өндіріс иелері үшін тариф 41 теңгенің орнына, жеңілдікпен 34 теңге 3 тиын болып бекітілді. Бұл қадам өндіріс шығынын азайтып, нарықтағы бағаны тұрақтандыруға септігін тигізбек.
Ботакөз Әнуар






