Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, алкоголь өнімдерін күн сайын сағат 12:00-ге дейін және 21:00-ден кейін сатуға тыйым салынады. Аталған талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Бұдан бөлек, 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімдерін сату заңмен қатаң тыйым салынған. Ағымдағы жылы жүргізілген тексеру іс-шаралары барысында аталған талаптарды бұзу деректері анықталып, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік материалдар сотқа жолданды. Нәтижесінде айыппұл салынып, бірқатар сауда нысандарының лицензиялары уақытша тоқтатылды.
Шымкент қаласы Полиция департаменті ескертеді: алкоголь өнімдерін өткізу тәртібіне қатысты заң талаптарын қатаң сақтаңыздар. Сондай-ақ алкоголь өнімдерін сату барысында сатып алушының жасын растайтын құжатты міндетті түрде тексеріңіздер.
Заң талаптарын сақтау – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің кепілі.







