Шымкенттік кәсіпкер құлпынай өсіруді қолға алған. Өнімді Бадам тұрғын алабында 6,5 гектар алқапқа еккен.
Қазір өнім көлемін арттыру үшін шаруалар бірігіп, ауыл шаруашылығы кооперативін құрмақ. Осылайша құлпынай алқабын 30 гектарға арттыру жоспарланып отыр.
Ал «Дары Сайрама» ЖШС-і 5 гектар жерге жүзім өсіреді. Кәсіпорын жылына 7 мың тоннаға дейін жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеп, тосап, шырынның түр-түрін өндіреді.