Шетелдік инвестициялардың көлемі рекордтық деңгейге жетті

48
Бүгінгі таңда еліміз өзіне қажетті мұндай жабдықтарды шетелдік компаниялардан 40 млрд. теңгеге сатып алып отыр. Ал бұл өндіріс орны сол қажеттіліктің 10 пайызын өтей алмақ

Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі рекордтық деңгейге жетті. Былтыр 28 млрд долларды көрсетті. Бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Инвестициялар көлемі бойынша көш бастап тұрған елдер Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Бельгия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай және Франция.

Ал инвестициялар ең көп тартылған салалар: тау-кен, өңдеу өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, көлік, құрылыс, қаржылық және сақтандыру қызметі. Өңірлер арасында шетелдік капиталды тартуда аса белсенділік танытып отырған өңірлер: Атырау, Алматы, Астана, ШҚО, БҚО, Алматы және Ақмола облысы.