Шымкентте ер адам өз пәтерінде өртеніп кетті

82

Шымкентте 12 сәуірге қараған түні көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Тұрғындар өртті сөндіру үшін өрт сөндірушілерді шақырған.

17-шағынауданда көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түнгі сағат бір шамасында түскен. Өрт сөндіру бөлімшелері келген уақытта үшінші қабатта орналасқан пәтерде жиһаздар мен заттар жанып жатқан.

«Пәтерден 1962 жылы туған ер адам өлі табылды. Кіреберістегі қатты түтінге байланысты өрт сөндірушілер тұрғындарды эвакуациялады», – деп хабарлады Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Көршілердің айтуынша, ер адам жалғыз өзі тұрған, ұдайы ішімдік ішкен. Оның пәтерінде әлденеше рет өрт болған, кейін ер адамды түтінге дер кезінде назар аударған көршілері аман алып қалған.

Өрттің нақты себебін анықтау үшін өрт-техникалық тексеру  тағайындалды. Дегенмен, өрт  сөндірілмеген темекінің кесірінен шыққан болуы мүмкін деген болжам бар.