Шымкентте кәсіби мамандықтар арасында халықаралық чемпионат басталды

29

Шымкентте «WorldSkills Shymkent – 2023» Халықаралық чемпионатының аймақтық кезеңі бастау алды. Сайыс 17-21-ші сәуір аралығында өтеді.

Жоба мақсаты қоғамға ең қажетті маман иелерінің біліктілігін арттыру. Чемпионатқа 45 құзыреттілік бойынша 204 үміткер қатысып жатыр. Бұл жолы жарыс ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өндірістік және инженерлік технологиялар, қызмет көрсету саласы, білім беру, медицина, шығармашылық және дизайн, құрылыс индустриясы, көлік және логистика мамандықтары арасында өткізіп отыр.