Úı ANONS «Заңгерлік көмек»- тұрғындар тегін кеңес алды

«Заңгерлік көмек»- тұрғындар тегін кеңес алды

AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалы ғимаратында қоғамдық қабылдау өтуде. Әділет департаментімен бірлесе ұйымдастырылған «ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК» партиялық жобасы аясында тұрғындарды құқықтанушы мамандар және қалалық мәслихат депутаты қабылдады. 6 баласымен қалада пәтер жалдап тұратын Мақпал Бөрібаева бұл жерге көмек сұрап келіпті .
Мақпал Бөрібаева, Шымкент қаласының тұрғыны:»Жақында енем қайтыс болды. Каспиредті бұғаттап тасаған. Сол бойынша  заңгерден кеңес алдым. Қалалық мәслихаттың депутаты  азық-түлікпен қамтамасыз етемін деп уәде берді».

Қоғамдық қабылдау барысында заңгерлер және адвокаттар, жеке сот орындаушылары мен медиаторлар, заң сарапшылары жер телімін заңдастыру, алимент өндіру, еңбек қатынастары, жұмысқа орналасу, мемлекеттік жәрдем алу сияқты мәселелер бойынша тегін кеңес берді. Достық шағынауданында құжатсыз үй салған мына тұрғын баспанасына кіре алмай жүр екен. Сөзінше, үй-жайды салып болған соң оның басқа егелері табылып, олар тіпті үйіне кіріп алған. Енді ақсақал прокуратураға шағымданатын болды.

Әйгерім Абдуллаева, Шымкент қалалық әділет департаментінің бөлім басшысы:»Мұндай шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Ағымдағы жылдың басынан 20 акция  ұйымдастырылды.  3 159 адам құқықтық көмек алды » Тең қоғам» жобасы бойынша отбасында  зорлық зомбылық көрген әйелдерге де колдау көрсетеміз»

Ұйымдастырушылар азаматтардың құқықтық сауатын арттыруды көздейтін мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұратынын айтады. Партиялықтар қоғамдық қабылдау бөлімдеріне өтінішін айтып, көмек сұрап келетіндердің саны артуда дейді. Өткен жылы партияның қалалық филиалына 10 мыңға жуық адам жүгінсе, биыл жыл басынан бері азаматтар тарапынан 893 өтініш түскен. Алдағы уақытта да аталған бағыттағы шаралар жалғасын табатын болады.

 

Exit mobile version