«Ауылдағы бір күнім» атты облыстық реалити шоу-сайысы өтті

34

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудан, қала жастары арасында «Ауылдағы бір күнім» атты облыстық реалити шоу-сайысы өтті.

Жастар арасында салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды дәріптеу, жастардың бойында ұлттық құндылықтар мен рухани қасиеттерді дамыту мақсатында ұйымдастырылаған байқау төрт кезеңнен тұрды. Атап айтқанда: I кезеңде ұлдар арасында ұлттық ойыннан жарыс өтсе, қыздар ұлттық тағамдар әзірледі. II кезеңде командалар салт-дәстүр мен тарих аясындағы сұрақтарға жауап беруден сайысты. III кезеңде ұлттық қолөнер жасаудан бақ сынасса, IV кезеңде ұлдар қой қырқып, қыздар ұлттық тағамдарды ұсынып, көпшілікті тәнті етті.
Тапқырлығы, командалық жұмысымен және өнерімен көзге түскен топтар жүлделі орындардан көрініп, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Қазылар алқасының шешімінің нәтижесі бойынша бас жүлдені «Қазығұрт» командасы қанжығалады. I орынды «Созақ» командасы жеңіп алса, II орыннан «Отырар» командасы көрінді.
Жүлделі ІІІ орынды «Сауран» командасы місе тұтты. Ал «Үздік топ» номинациясы «Бәйдібек» командасына бұйырса, «Үздік ойыншы» түркістандық Қалдыбай Әлия атанды.