«Shymkent Grand Park» сауда орталығы өз жұмысын бастады

39

«Шымкент Гранд парк» өз жұмысын бастады. Сауда орталығы қала тұрғындарына сапалы тауарлардың кең ассартиментін ұсынады. Сауда орталығындағы ондаған бутиктен тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ, спорттық аксессуарлар мен киім-кешектің түр-түрін табуға болады. Еуразия нарығында тәжірибесі бар кәсіпкерлер шымкенттіктерге сапалы қызмет көрсетуге дайын.

Шымкенттіктерге жағымды жаңалық! Қ. Төлеметов көшесінің бойында «Шымкент Гранд парк» сауда орталығы ашылды. «Қала ішіндегі қалашық» концепциясы бойынша бой көтерген орталықта, киім-кешек, алтын, ыдыс-аяқ пен тұрмыстық заттардың кең таңдауы бар. Ең бастысы, барлығы қолжетімді бағада сатылады.

Сауда орталығындағы бутиктердің басым бөлігіне Еуразия нарығында тәжірибесі бар кәсіпкерлер жайғасқан. Олар қолжетімді бағада тауар ұсынып қана қоймай, тұтынушыларына сапалы қызмет те көрсетеді. Жаңа дүкендер демалыссыз жұмыс істейді.

Айтолқын Шанина, «Shymkent Grand Park» сауда орталығы сату бөлімінің басшысы:
«Бізде әртүрлі өнімдер бар. Киімнен бастап ыдысқа дейін. Кәсіпкерлердің көпшілігі бізге Еуразия нарығынан көшті, қазір олар бізбен бірге. Алдағы уақытта Қазақстанда теңдесі жоқ жаңа алтын павильонын ашу жоспарда бар».

Бұл жақында құрылысы аяқталатын алтын павильоны. Сауда орталығының мамандары алдағы уақытта бұл жерден зергерлік бұйымдардың барлығын табуға болады дейді.

Айта кетейік, Grand PARK Shymkent сауда орталығы Қ.Төлеметова көшесінің бойында, Тұлпар шағынауданына жақын маңда орналасқан.