Тұран-2 шағынауданындағы үйлер биыл пайдалануға беріледі

30

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тұран-2 шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік-инфрақұрылым жұмыстарын тексерді. Былтыр осы аумаққа жылу, су, кәріз және электр жүйесі тартылған еді.

Қазір мұнда ішкі орамды тегістеу, абаттандыру, аяқжол және асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар шағынауданның 25,26 орамдарына инженерлік инфрақұрылым желілері тартылуда. Биыл екінші жартыжылдықта нысандар толық қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бүгінде елдімекенінде 1 112 пәтерлі 18 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр.