«Көкжайлау-2» ТК пәтерлерін тиімді бағдарламамен сатып алуға болады

62

Енді ыңғайлы әрі заманауи пәтерлерді тиімді ипотекалық бағдарлама бойынша сатып алуға болады. «Feb group» құрылыс компаниясы мен «Отбасы Банк» акционерлік қоғамы 30/70 бағдарламасы бойынша салынып жатқан «Көкжайлау-2» тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін келісімге қол қойды. Мұнда бастапқы жарна небәрі 30 пайыз. Жаңа тұрғын үй кешені инфрақұрылымы дамыған перспективалы ауданда орналасқан.

Заманауи әрі ыңғайлы «Көкжайлау-2» тұрғын үй кешенінен тиімді ипотекалық бағдарлама бойынша пәтер сатып алыңыз. «Feb group» құрылыс компаниясы мен «Отбасы Банк» АҚ келісімге қол қойды. Келісім бойынша баспаналы болуды армандап жүрген азаматтар шілде айында «Отбасы Банкінің» ипотекалық бағдарламасына қатысып, 30 пайыздық бастапқы жарнамен үйлі бола алады.

Дәурен Саудабаев, «Отбасы банк» АҚ Шымкент қаласы бойынша филиал директоры:
«Бүгін біз «Feb group» компаниясымен 30/70 бағдарламамыз бойынша келісімге отырамыз. Мұнда бастапқы жарна нарықтық бағдарлама бойынша 50% емес, 30% болады. Ал қалғаны құрылыс салушымен келісілген схема бойынша «Отбасы банкінен» несие түрінде беріледі. Бұл осы тұрғын үй кешенінен пәтер алғысы келетін барлық клиенттерге төменгі жарнамен сатып алуға мүмкіндік береді».

«Көкжайлау-2» тұрғын үй кешені қаланың перспективалы аудандарының бірінде, қала әкімшілігінен 10 минуттық жерде орналасқан. Мұнда балабақша, мектеп, аурухана, сауда орталықтары мен дүкендер бой көтерген. Жалпы бұл тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер кең және жарық, әрі ойластырылған ыңғайлы макетімен ерекшеленеді.

Рамазан Шахин, «Feb group» компаниясының құрылтайшысы: «Біз жөндеу жұмыстары аяқталған, асүйі кіріктірілген, алдын ала әрленген және жартылай жиһазы бар пәтерлерді сылақталған күйде тапсырамыз. Пәтерлердегі панорамалық терезелер түрік жобасы бойынша жасалған. Үйлер автономды түрде жылытылады, төменгі қабаттарда коммерциялық үй-жайлар мен үлкен автотұрақ бар. Сонымен қатар ішкі инфрақұрылымды дамыту мақсатында және аулада серуендеп, демалу үшін арнайы жайлы атмосфера жасалған».

«Көкжайлау-2» тұрғын үй кешенінде бір жарым, екі және үш бөлмелі пәтерлер ұсынылған. Гүлсай Бақыт жұбайымен үш жыл бұрын «Көкжайлау-1» тұрғын үй кешенінен пәтер алған. Енді жас отбасы екінші тұрғын үй кешенінен үлкенірек пәтер сатып алуды жоспарлап отыр.

Гүлсай Бақыт, Шымкент қаласының тұрғыны: «Маған бұл тұрғын үй кешенінің пәтерлері қатты ұнайды. Тіпті биылғы қыстағы қатты суық кезінде де бізде жылудан проблема болмады. Ыстық үйде отырдық. Үйдің жоспары жақсы жасалған. Құрылым да ерекше».

Feb group Қазақстанда үй салумен 2015 жылдан бері айналысып келеді. Құрылыс компаниясы бүгінге дейін «Ордабасы», «Ыстамбұл», «Алтын шаңырақ», «Көкжайлау-1» заманауи тұрғын үй кешендерін пайдалануға берді. Ал шымкенттіктер қараша айынан бастап «Көкжайлау-2» тұрғын үй кешеніндегі жаңа пәтерлерінде тұра алады.

Мекен жайы: Шымкент қаласы, Қ.Төлеметов көшесі 50/6 «Көкжайлау» ТК
Call центр: +7 708 000 00 75
Whats app : +7 708 000 00 75

Лиц. №1.2.109/48 от 03.03.2023 ж. ҚР ҚНРДА берілген