Жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

58

Шымкентте «КазТрансГазАймақ» қызметкерлері жылыту маусымына дайындықты бастап кетті. Қазір қысқа дайындықтың 44 пайызы орындалған. Өзге жөндеу жұмыстары жоспар бойынша іске асырылмақ.

Қазір Шымкентте 600  шақырымға  жуық газ құбыры электрохимиялық қорғау тиімділігіне байланысты тексерістен өтті. Және 470 газ тарату пунктіне де жөндеу жұмысы жүргізілген. Мамандар қысқа дайындық барысында бас-аяғы 30-ға жуық техникалық ремонт жасалады дейді.

Болатхан Дүйсенбаев, газ желілерін жөндеу қызметінің бастығы: «Біз диаметрі 500 клапанды жоғары қысыммен ауыстырамыз, бұл өз алдына өте күрделі жұмыс. Жер жұмыстарына зақым келтірмеу үшін басқа да жауапты орталықтармен келісу қажет».

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық жылыту маусымының қолайлы өтуіне тікелей әсер етеді. Сондықтан «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы биыл Шымкенттегі желілерді жаңғыртып жатыр.

Айбек Ерғали,  «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары: «Биыл 72 шақырым газ құбырларын жүргізу жоспарлануда. Бұл ірі панельді үй құрылыстары мен ескі шағынаудандарда өткізіледі. Мұнда дәнекерлеу жұмыстары, газ құбырын ауыстыру, крандарды майлау, тығыздағыштарды ауыстыру – мұның бәрі жылыту кезеңіне дайындыққа қатысты жұмыстар».

Күз және қыс мезгіліне дайындық шарасы қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Ал қазірге дейін толық жоспардың жартысы орындалған.