Наградталған аналар мәртебесі иегерлеріне арналған әлеуметтік жәрдемақы өсті

47
Перзентхана

Бала тәрбиелейтін отбасылардың жағдайын жақсарту, оларды әлеуметтік қолдау еліміздің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының қатарына кіреді. Бұл орайда өсіп келе жатқан ұрпақты қорғау және өмір сүру сапасын арттыру, ана мен баланың өмірін жақсарту басты мақсат болып табылады.

Біздің елде отбасы маңызды әлеуметтік институт ретінде заңның қорғауына алын­ған. Ата Заңымыздың: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады» деп атап көрсетілген. Сондықтан қазіргі кезде Қазақстанда ана мен баланы қолдаудың тұтас жүйесі қалыптасып, тыңғылықты қызмет атқарылып жатыр.

Ержан Ергеш, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары:»ҚР Әлеуметтік Кодексінің нормаларын және мемлекет басшысының жәрдемақы көлемін ұлғайту туралы тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың көлемі шілдеден бастап арттырылды. 7 және одан да көп бала туып, өсірген аналарға берілетін жәрдемақының да мөлшері өсті».

Босанған әйелдерді қолдау мақсатында тағы бір жаңашылдықты естеріңізге сала кетейік. Ол- бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді төлеп тұру мерзімі ұзарды.