Орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлерін өртке қарсы киіммен қамтамасыз ету үшін үкімет резервінен 918 миллион теңге бөлінеді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.
Құжатқа сәйкес, үкімет резервінен табиғатты қорғау және орман мекемелерінің орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлеріне өртке қарсы киім сатып алуға 918 млн теңге қаражат бөлінеді.
