Úı ANONS Шымкент құтқарушылары саусағы темір қақпақта қысылып қалған бүлдіршінге көмектесті

Шымкент құтқарушылары саусағы темір қақпақта қысылып қалған бүлдіршінге көмектесті

Шымкент құтқарушылары саусағы темір қақпақта қысылып қалған бүлдіршінге көмектесті. Құтқару қызметінің «112» пультіне 2 шілдеде сағат 13:16-да қоңырау түсті. Кішкентай қыз балаға шұғыл көмек көрсету туралы сұранған.

Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 3 жасар қыздың оң қолының саусағын металл қақпақтың саңылауына салып, оны ала алмағанын анықтады. Нәтижесінде құтқарушылар қолда бар құралдардың көмегімен баланың саусағын босатты. Қызға медициналық көмек қажет емес еді.